15051 次阅读
26 条回复
阿拜,“阿克利亚”(“箴言”)语言交流热门
Абай, "Ғақлия" ("Қара сөз") 阿拜,“阿克利亚”(“箴言”)
Бipіншi Сөз
第一篇
Бұл жасқа келгенше жақсы өткiздiк не, жаман өткiздiк не, əйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық əурешiлiктi, көре-көре келдiк. Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген iсiмiздiң бəрiнiң баянсызын, байлаусызын көрдiк, бəрi қоршылық екенiн бiлдiк. Ал, ендi қалған өмiрiмiздi қайтiп, не қылып өткiземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын.
我们总算走宪了人生的一大半路程。我们生活得怎么样?好呢,还是不好?我们打过、抢过、争过、吵过— 受了不少折磨。如今年事已高,我们开始感到厌倦,感到无聊;已察觉我们所做的事不踏实、不稳当,都是些徒劳无益的折腾。那我们该如何排遣剩余的年月?该做些什么?可惜我还没有找到明确的答案。
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кiсi бақпаса, не абартқан, көңiлi басылмаған жастар бағамын демесе, бiздi Құдай сақтасын!
管理群众么?不,群众不是要你管理的。也许那些愿意自讨苦吃的人,或者趾高气扬的年轻人还想管理群众;象我们这样年纪的人,只能盼苍天保佑了!
Мал бағу? Жoқ, баға алмаймын. Балалар өздерiне керегiнше өздерi бағар. Ендi қартайғанда қызығын өзiн түгел көре алмайтұгын, ұры, залым, тiлiмсектердiң азығын бағып беремiн деп, қалған аз ғана өмiрiмдi қор қылар жайым жоқ.
照管牲畜么?不,我照管不好。孩子们会照管他们需要的牲畜,我没有必要在自己的晚年为侍奉那些小偷、恶棍、叫化子,把剩余的岁月消磨在没有任何意义的琐事上。
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзiн сөйлесер адам жоқ. Бiлгенiңдi кiмге үйретесiң, бiлмегенiңдi кiмнен сұрайсың? Елсiз-күнсiзде кездеменi жайып салып, қолына кезiн алып отырғанның не пайдасы бар? Мұндасып, шер тарқатысар кiсi болмаған соң, ғылым өзi бiр тез қартайтатұғын бiр күйiк.
研究学问么?不,研究学问既然没有人交换意见,研究的成果又能向谁传授,遇到的疑难问题又向谁请教呢?在荒无人烟的旷野上摆起布摊,拿着尺子空等待有什么意义呢!没有知心人互相谈心,学问本身就会催人衰老。
Софылық қылып, дiн бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңiлде, не көрген күнiнде бiр тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық?
做一名苦行僧,管理宗教么?不,也不行。管理宗教同样需要安静。在这种地方,在这样的部落里,精神和生活都得不到安宁,怎么好管理宗教!
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едiм, қалайша бағудың мəнiсiн де бiлмеймiн, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харакетке қосайын? Балаларымның өзiне iлгерi өмiрiнiң, бiлiмiнiң пайдасын тыныштықпен көрерлiк орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерiмдi бiле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
教育儿童么?不,这也不行。本来是可以教育的,可是不知道该如何教育,教育的目的是什么?要培养他们到哪个部落去?去干什么?连我自己的孩子还没有找到能安静地生活和工作的地方,至今也还不知道该让他们到哪里去,做什么事,怎么好教育别人的孩子呢!不,不能拿教育儿童当消遣。
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нəрселердi қағазға жаза берейiн, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кiмде кiм ішiнен керектi сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегi жоқ десе, өз сөзiм өзiмдiкi дедiм де, ақыры осыған байладым, ендi мұнан басқа ешбiр жұмысым жоқ.
最后我想,还是用笔墨纸张来消磨时间。把自己所想到的一切都写在纸上。如果有人认为其中有可取的地方,请他随心所欲地阅读或抄录。如果认为没有必要,就让它默默无闻地传下去。我终于这样决定了— 除此以外,也没有其他事可做。

最新喜欢: