20#
Жетінші Сөз
第七篇
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.
刚生下来的孩子有两种天性。
Біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп түрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді; қуат таппайды.
其一是要吃、要喝、要睡眠,这些是躯体的需要。没有这种需要,生命就不可能延续,身体也不可能发育成长,人也不会有精力。
Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, "ол немене?", "бұл немене?" деп, "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген.
其二是要懂,— 小孩子稍长,看到某种东西就要跑上去。遇到闪光的东西,会好奇地放到嘴里尝味,或是贴到脸上试探。听到笛管的声音,也要侧耳听听。再长几年,听见狗叫、畜群乱吵,或听到人的笑声和哭声也要跑过去问:“那是什么?” “这是什么?” “那个为什么要那样?” “这个为什么要这样?” 凡是他们见到的和听到的,都要寻根究底,不嫌麻烦。所有这些要懂、要看、要学 — 都是生命的需要。
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады.
如果不了解世界上我们见到的或没有见到的全部、至少是大部分奥秘,人就不能称其为人。对世界一无所知的生命,应该叫畜生,而不是人。
Әзелде Құдай Тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі "бұл немене, ол немене?" деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
正由于胡大赋予人的生命比畜生的生命优越,人才有求知的欲望。幼小无知的孩子尚且要追问:“那是什么?” “这是什么?” 为了弄清楚一件事,甚至会忘掉饮食和睡眠。为什么到了成年懂事的时候,自己既不钻研,又不请教别人,不向那些曾获得科学知识的人学习呢?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бүл жанның тамағы еді.
我们应该上进,而且要继续不断地上进,更多地积累精神财富。这些都是生命的需要。
Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық, жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік.
生命比躯体贵重。应该使躯体服从生命的需要。我们没有这样做。我们象寒鸦般乱叫,乌鸦般黯噪,飞不出阿吾勒的粪堆。年轻时生命曾支配过我们的躯体,而成年以后,当我们能自立时再也不受生命的支配。
Жанды тәнге бас ұргыздық, еш нәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Кезбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: "Өз білгенің — өзіңе, өз білгенім — өзіме", "кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол" деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
我们不正视周围的一切,却迫使生命听从躯体的需要。我们满足于看到事物的表面现象,即使得到了某种启示,我们也不理睬。我们不愿意探索事物的奥秘是怎样的,认为:不懂得这些又有什么关系呢?当别人谈到这些现象时,我们却一无所知。当别人开导我们时,我们却说:“你所懂的属于你,咱我所懂的属于我”,还说:“与其依靠别人的智慧发财,不如凭自己的本事受穷”,“咳,天啊!谁比谁强多少呢!” 我们不承认别人的长处,别人讲的自己又听不懂。
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде, хайуаннан да жаманбыз.
没有智慧,又没有信仰,这比空有两只眼睛的畜生究竟强多少呢?倒是童年时候比现在好,无论懂与不懂,总还有求知的欲望。而现在连畜生也比不上。
Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
畜生是不懂,但它并不装懂。我们什么也不懂,但偏要装懂。一旦和懂得的人争起来,会吵得面红耳赤,死也不肯罢休。