20#
发布于:2008-03-04 15:37
Жетінші Сөз
第七篇 Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. 刚生下来的孩子有两种天性。 Біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп түрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді; қуат таппайды. 其一是要吃、要喝、要睡眠,这些是躯体的需要。没有这种需要,生命就不可能延续,身体也不可能发育成长,人也不会有精力。 Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, "ол немене?", "бұл немене?" деп, "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген. 其二是要懂,— 小孩子稍长,看到某种东西就要跑上去。遇到闪光的东西,会好奇地放到嘴里尝味,或是贴到脸上试探。听到笛管的声音,也要侧耳听听。再长几年,听见狗叫、畜群乱吵,或听到人的笑声和哭声也要跑过去问:“那是什么?” “这是什么?” “那个为什么要那样?” “这个为什么要这样?” 凡是他们见到的和听到的,都要寻根究底,不嫌麻烦。所有这些要懂、要看、要学 — 都是生命的需要。 Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. 如果不了解世界上我们见到的或没有见到的全部、至少是大部分奥秘,人就不能称其为人。对世界一无所知的生命,应该叫畜生,而不是人。 Әзелде Құдай Тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі "бұл немене, ол немене?" деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? 正由于胡大赋予人的生命比畜生的生命优越,人才有求知的欲望。幼小无知的孩子尚且要追问:“那是什么?” “这是什么?” 为了弄清楚一件事,甚至会忘掉饮食和睡眠。为什么到了成年懂事的时候,自己既不钻研,又不请教别人,不向那些曾获得科学知识的人学习呢? Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бүл жанның тамағы еді. 我们应该上进,而且要继续不断地上进,更多地积累精神财富。这些都是生命的需要。 Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық, жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. 生命比躯体贵重。应该使躯体服从生命的需要。我们没有这样做。我们象寒鸦般乱叫,乌鸦般黯噪,飞不出阿吾勒的粪堆。年轻时生命曾支配过我们的躯体,而成年以后,当我们能自立时再也不受生命的支配。 Жанды тәнге бас ұргыздық, еш нәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Кезбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: "Өз білгенің — өзіңе, өз білгенім — өзіме", "кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол" деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз. 我们不正视周围的一切,却迫使生命听从躯体的需要。我们满足于看到事物的表面现象,即使得到了某种启示,我们也不理睬。我们不愿意探索事物的奥秘是怎样的,认为:不懂得这些又有什么关系呢?当别人谈到这些现象时,我们却一无所知。当别人开导我们时,我们却说:“你所懂的属于你,咱我所懂的属于我”,还说:“与其依靠别人的智慧发财,不如凭自己的本事受穷”,“咳,天啊!谁比谁强多少呢!” 我们不承认别人的长处,别人讲的自己又听不懂。 Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде, хайуаннан да жаманбыз. 没有智慧,又没有信仰,这比空有两只眼睛的畜生究竟强多少呢?倒是童年时候比现在好,无论懂与不懂,总还有求知的欲望。而现在连畜生也比不上。 Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз. 畜生是不懂,但它并不装懂。我们什么也不懂,但偏要装懂。一旦和懂得的人争起来,会吵得面红耳赤,死也不肯罢休。 |
|
21#
发布于:2008-03-03 22:42
Алтыншы Сөз
第六篇 Қазақтың бір мақалы: "Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік" дейді. Бірлік қаңдай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. 哈萨克有这样的谚语:“技术的前提是团结,幸福的前提是生命。” 但什么样的部落能讲团结,怎样达到团结的目的,却没有人知道。 Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? 哈萨克人这样理解:团结是指骑马、吃饭、穿衣、一切财产都不分你我。如果是这样,富,对人有什么好处;穷,又有什么坏处呢?人们不去投靠亲友,寻找财富做什么呢?这难道是团结? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, дін басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы. 不,团结是指思想上的一致。不是指花钱不分你我。如果有人舍得拿出财产,不同族亲、不同信仰、不同生活条件的人也可以结合在一起,用钱买的团结是应该诅咒的。 Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін Құдайдан тілейді, әйтпесе Құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуел біріне бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты? 团结不能凭哥们儿义气。这样,人们才能向胡大祈求自己应得的一份。不这样是不会向胡大祈求,不会谋求生活的。人们首先要互相挑剔;或表示不满,或给点脸色看,或进行威胁;如果这样做还不奏效,就要加以陷害。总之,要想办法达到敲诈的目的,这难道能算团结吗? "Ырыс алды — тірлік" дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек кылудан, қызмет қылудан кашып, еріншек атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұспан болады. 又说:“幸福的前提是生命。” 是指什么生命?是指心脏的跳动么?不,畜生也有这样的生命。把这样的生命看得那么贵重是贪生怕死,贪生怕死的人是卑鄙的,为了自己的生存,从战场、从劳动、从工作岗位逃跑的人,只会得到胆小、懒惰、庸俗的称号,变成他自己所追求的幸福的敌人。 Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, кекірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. 不,这些都不是真正的生命。生命是指人的有活力的思想和意志。不然,即使你的心脏还在跳动,但思想已经僵化,就不可能理解探索知识的语言,不可能用辛勤的劳动不倦地去创造财寞。 Кеселді жалқау, қылжақбас, Әзір тамақ, әзір ас, Сыртың — пысық, ішің — нас, Артын ойлап ұялмас,— 懒惰成性,听不进旁人的规劝, 你的生活是等着吃现成的饭, 你能说会道,却是满肚子污水, 不懂得羞耻,不考虑自己的明天。 болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты елімнің өзі артық. 与其象这首诗上说的那样活着,还不如接受安拉的天命,死去却好。 |
|
22#
发布于:2008-03-03 22:22
Бесінші Сөз
第五篇 Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. 人们内心的痛苦会使人失去抑制能力,感到浑身酸懒,四肢困乏。它有时会变作眼泪夺眶而出,有时变成牢骚被发泄出来。 Қазақтар: "Ә, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!" деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. 我曾见哈萨克人这样祈祷:“哎,胡大,让我们变得孩子般无忧无虑吧!” 这意味着他们自己是有心人,他们比孩子高明,没有他们想不到的事;他们考虑的多。 Қайғысы не десең, мақалдарынан таңырсың: "Түстік өмірің болса, күндік мал жи", "Өзіңде жоқ болса, әкең де жат", "Мал — адамның бауыр еті", "Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық", "Ер азығы мен бөрі азығы жолда", "Ердің малы елде, еріккенде қолда", "Берген перде бұзар", "Алаған қолым — береген", "Мал тапқан ердің жазығы жоқ", "Байдан үмітсіз — Құдайдан үмітсіз", "Қарның ашса, қаралы үйге шап", "Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без" деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр. 他们在考虑什么?可以听听他们的谚语:“能活半天的人要攒一天的财富”;“贫苦的人父亲也会疏远”;“牲畜是人的心肝肉”;“富人的脸是光亮的,穷人 的脸是灰暗的”;“英雄和狼都可以在大路上找到饭食”;“好汉的财产俯拾皆是,伸手可得”,“送的礼物可以打开缺口”,“善于向别人讨取的手也惯于送给别人”,“赚钱的人是无可指责的”,“巴依不可指望,胡大也不可指望”,“肚子饿的时候可以到办丧事的人家去”,“不要走近没有沙滩的湖泊,不要投奔不肯施舍的人家” ......等,类似这样的谚语数不胜数。 Бүл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың кайсысын болса да қылып мал тапса, жазалы демесек керек екен. 这些谚语说明什么呢?很清楚,哈萨克人并不考虑安定、科学、知识、正义等等。他们所考虑的只是如何骗取富人的财产。如果骗不到手就聚众抢劫。即使抢劫自己父亲的财物也不感到羞耻。在他们看来,只要能捞到牲畜 — 偷盗、敲诈、乞讨等都是可以干的,而且是无可指责的。 Бұларының жас баланың ақылынан несі артық? 这样的人哪一点比小孩子强? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге өне жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? 小孩子懂得燃烧着的炉火是可怕的,而这些人连地狱也不怕。小孩子害羞的时候恨不得钻到地缝里去,而这些人却不懂得害羞,这能说他们比孩子强吗? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма? 富人们说:“我们不分给他们一些,不变得和他们一样,他们会疏远我们。” 难道这就是我们向往的国家和人民? |
|
23#
发布于:2008-03-03 22:02
Төртінші сөз
第四篇 Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, елемеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек. 每一个注意观察的人会发现:狂笑本身是一种醉态,而沉醉的人经常遇事反悔。他们讲话也常常引起对方反感。有狂笑癖的人或者会给自己的事业带来损害,或者会失去理智,忘掉羞耻,而又经常懊悔。经常懊悔而又不检点的人不论在这个世界,或者在阴世里都会尝到苦头。 Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кеніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздыгыңа уайым-қайғы қылдағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харакет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харакет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа қайғыны, орынды харакетпен азайт! 多愁善感的人对自己生前和身后的事考虑的可能会周到。凡事考虑得周到,后果总要好一些。可是我们不能总是这样多愁善感,这样做,人支持得了吗?不,我并不要人们多愁善感。我只是提醒人们不要总是无忧无虑,同时要找到正当的活动,以便摆脱没有边际的烦恼。正当的活动本身就会减少人们的苦恼。不要幻想用寻欢作乐的办法减少烦恼,而要用正当的活动。 Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де — бір антұрғандық және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болганыңнан күл, ызалы күлкі өзі де — қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рақаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тап-қандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. 走进烦恼的死胡同,被困在墨西找不到出路,也是一场灾难。看到别人不正当的行为,不要幸灾乐祸地嘲笑;即使笑,也要表示愤慨。这种表示愤慨的笑,实际是痛心的指责;经常这样笑,你自己也受不了。当你看到一个好人所做的好事而欢笑时,要想着向他学习。向别人学习,可以使你避免浮躁,变得稳重。 Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау — Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі. 我并不称赞所有的笑。有一种笑 — 不是发自内心的、真情的笑,而是人为的、虚情假意的、变态的笑。是为了掩饰自己,硬挤出来的虚假的笑声。 Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп еткізеді де, таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. 人哭着离开母胎,含恨而死。许多人在自己的生命旅途中并没有享受到生活的乐趣,而是互相窥伺,互相吹嘘;庸庸碌碌地荒废自己宝贵的岁月。当觉悟到剩余的日子已经不多的时候,想用自己的全部财产换得一天的生命都不可能了。 Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуел Құдайга сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсан, қара жер де береді, құр тастамайды. 投机钻营,摇尾乞怜,只不过是没有出息的、畜生的生活。首先要向胡大祈梅,其次要依靠自己的双手。大地决不会辜负辛勤劳动的人。 |
|
24#
发布于:2008-03-03 21:40
Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы: "Сені біз сайламадық па?"— деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні етеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап, тағы болыс болып қаларға мүмкін болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды?
每届卜勒斯的任期是三年。第一年,他们要成天听人们要挟:“难道不是我们选举你的?” 第二年,在监视其他候选人中过日子。第三年 — 由于接近了第二届选举,天天筹划自己再次当选。现在还有什么话好说呢? Осы қазақ халқынық осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келді: Халықтық болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын. Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник бірлән военный губернатордың назначениесі бірлән болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Аның себебі: әуелі қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да — пайдалы іс, екінші — назначение бірлән болган болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді. 我看到哈萨克人走上歧路,一年年地沦落下去,使这样想:群众要选的卜勒斯应该是有威望的受过教育的人。如果群众中没有这样的对象,或者即使有而群众不愿意选他,可以由县的领导或省的军事负责人出面指定。这样对群众也许会有好处。其原因: 第一,人的权利欲可以促使哈萨克人重视对孩子们的教育;第二,指定的头人不是依附于地方势力,而是隶属于上级政权。 Уа және назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлки жоғалар еді. 再者,采取由上面指定的办法,对人们的挑剔和责难无所顾忌,可以减少、甚至完全避免选举时人们捏造材料,诬陷好人。 Уа және әрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның "Қасқа жолы", Есім ханның "Ескі жолын", Әз Тәуке ханның "Күл төбенің басында күнде кеңес" болғанда "Жеті жаргысын" білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ. 很明显,每一个卜勒斯,实际是在小部落头目上面安置的顶头上司。事实早已证明,这只会给群众带来灾难。对这种职位,绝不是每一个当选的哈萨克人都能胜任的。当选的人应该懂得过去《哈斯木汗的正法》、《耶斯木汗的原法》以及阿孜陶克汗每天在库里吐拜议政时所依据的《也项原则》。另外,他们必须有能力、有魄力根据时代的变化审查那些旧的法规,对于不适应新时代的条文加以改变,补充新的、适应时代的条文。可是我们缺少[甚至没有]这样的人。 Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: "Би екеу болса, дау төртеу болады'' деп. Оның мәнісі — тақ болмаса, жүп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендікпенен түссе, әйтпесе түспесе. 熟悉哈萨克过去情况的人们曾讲过:“有两个毕依,就有四个案件。” 意思是: 如果毕依不是单数而是双数,就会互相争执,而诉讼的人也会增多。与其这样加多头目的人数,还不如选举三名合格的人不定期担任毕依的职务。如果发现他们有越轨行为,可以免去他们的职务,否则让他们连任。 Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып, біте берсе, егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, соңда дау ұзамай бітім болар еді. 至于民事诉讼,可以由两方各找一名证人,再共同选一名仲裁人进行处理。如果这样也处理不好,可以由原选举的三名常任毕依中指定一人,或用抽签的办法逃出一人来处理。这样民事纠纷是可以减少的。 |
|
25#
发布于:2008-03-03 21:39
Үшінші Сөз
第三篇 Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұгынының, рас сөзі аз болатұгынының, қызметке таласқыш болатұгынының, өздерінің жалқау болатұгынының себебі не? 为什么哈萨克人一个仇视一个,一个不支持一个的要求;讲真话的少;遇事喜欢争执而且比较懒惰? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі — қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз — қорқақ, мақтанғыш келеді; әрбір мақтаншақ — қорқақ, ақылсыз, надан келеді: әрбір ақылсыз — надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. 伟大的先知者早就说过:所有的懒汉都胆小,缺乏毅力;缺乏毅力的人也同样胆小而且喜欢吹牛; 胆小而又喜欢吹牛的人,都愚昧无知;所有愚昧无知的人都不知羞耻。凡是不知羞耻的懒汉都要变成贪得无厌、不能约束自己、没有本领又不能和别人相处的叫化子。 Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. 上述现象是因为我们只顾养牲畜而没有其它打算所造成的后果,如果我们在发展牲畜的同时也兼顾务农、经商、学习工艺、研究科学,是不会变成这样的。 Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызга тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. 贪图牲畜的人, 盼望他随牲畜增多,希望他自己甚至他的孩子都拥有大群牲畜,等大小性畜成了群,又要雇人放牧。而他们自己却在羊羔、马奶、美人、骏马的圈子里醉生梦死。 Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, барлық қызметімен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айрылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек, әр қазақтың ойы осы. 假如缺少冬牧场,他们凭自己有钱有势,可以收买、骗取甚至霸占别人的冬牧场。而失去冬牧场的人又去算计另外一些人,或者因为失去立足之地而离开家乡— 哈萨克人所想的就是这些。 Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айрылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрберден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюга күшім жетімді болсын деп, қызметке, болыстық, билікке таластық. 人们在算计: 穷人增多了,工钱会降低,失去牲畜的人增多了,会腾出更多的冬牧场。于是我盼他破产,他盼我破产。人们一个打一个的主意,怎么能和睦相处呢?过不了多久,撕破了脸皮。于是公开抢夺,互相争吵,最后分成了派系。人们都想加强个人势力,好让自己说的话算数,压倒对方,捞到更多的牲畜,于是便去抢卜勒斯、毕依等头人的职位。 Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді. 在这种情况下,既没有人愿意出外劳动,也没有人愿意务农经商,只是在那些互相争夺句结党营私者之间晃悠 — 今天依附这一家,明天又依附那一家。 Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлыгын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады. 这样一来,偷盗现象是很难禁绝的。如果部落内部安静,偷盗行为是会遭到反对的。可是人们分成了两派,谁只要死心踏地地替他们说话,为他们辩护,他的偷盗行为便会得到支持和包容。 Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік "шапты, талады" деген әр түрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание — тергеу шығарады. Өтірік, көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін, ол адам басын құтқармақ үшін жамандарга жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. 部落里所有正派的人都被诬为“强盗、暴徒”,并被传去审讯,而且早为他们准备好了惯于颠倒黑白的假证久,想方设法不使他们当选。如果他们为了自身的安全向坏人低头,会丧失人格;如果不低头,会给他们强加上种种莫须有的罪名,使他们失去工作的权利,甚至受牢狱之苦。 Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп. 窃取了卜勒斯职位的人,因为是利用不正当手段达到目的的,不可能器重诚实和正直的人,只能器重那些和自己一样卑鄙、奸诈的小人,盼着继续和他们友好,取得他们的支持。他担心,得罪了这些人,他们会想办法进行报复。 Осы күнде қазақ ішінде "ісі білмес, кісі білер" деген мақал шықты. Оның мәнісі: "ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің" деген сөз. 我们哈萨克中出现了这样的谚语: “成败取决于人,不取决于事。” 这谚语的意思是:一个人的成功,不决定于他所做的事是否正确,而看他的手段和诡计如何。 |
|
26#
发布于:2008-03-03 20:39
Екінші Сөз
第二篇 Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: "енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, кез көргенде "әке-үке" десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, "сарт-сұрт деген осы" деп. 小时候听人讲,我们哈萨克见到维吾尔人时讥笑他们:“他妈的,吊着宽袖口、背着芦荡去盖房顶的塔吉克,碰到灌木丛也害怕;见面时称兄道弟,背地里骂街。” Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: "түйеден қорыққан ноғай атқа мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңізші, түкке ыңғайы келмейтұғын, солдат ноғай, қашқын ноғай, "башалшік" ноғай деп. 遇见诺艾(鞑靼)人也说笑他们:“连骆驼都害怕,骑在马上嫌不舒服,步行走又喘不过气,笨得什么事都做不了。与其叫诺艾还不如叫‘诺开‘ ,’丘八‘诺艾,逃犯诺艾,小贩诺艾......” Орысқа да күлуші еді: "ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс" деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, "ұзын құлақты тауып бер депті"— деп. 遇见俄罗斯人也笑他们:“碰到阿吾勒就跑上去,臭脑袋俄罗斯”,“俄罗斯人想起什么就干什么... 听见什么信什么,还要别人给他们找大耳朵那家伙。” Сонда мен ойлаушы едім: ей, Құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім. 听到这些话我觉得很有趣,也感到高兴,好笑。当时我曾想:除我们以外,其他民族都不怎么的,最好的民族还是我们哈萨克。 Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари жауласпайды. 可是现在再看看,没有维吾尔人不会种的庄稼,没有他们不能培植的瓜果,没有他们的商人不曾到过的地方,也没有他们不懂的手艺。他们的人都能和睦相处,平安地生活。 Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп, сол айдап кетіп тұрды гой. 当我们哈萨克人还未从属俄国的时候,我们穿的衣服,甚至丧事用的棉布都是他们运来的。哈萨克人舍不得给自己父亲和儿子的牲畜,不就是让他们一群群赶走的吗! Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бәрі соларда. 我们从属俄国以后,维吾尔人从俄罗斯人那里学到的手艺也比我们多。他们有许多大巴依、大毛拉,他们的人比我们显得精干、大方、有礼貌。 Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, казаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. 再看看诺艾人。他们能当兵,经得起磨难,又不怕牺牲。他们善于管理学校,管理宗教,懂得劳动致富的道理,讲究美观大方。 Оның малдыларына құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: "сәнің шакшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасы қазақ",— деп үйінен қуып шығарады. 而我们的人,为了糊口有的给他们的巴依当佣人,有的当差役。他们甚至申斥我们最有钱的巴依:“这地板不是让你的臭脚来糟蹋的,出去!” Оның бәрі бірін-бірі қуып, қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болғандық әсері. 他们所以能有今天,是因为能互相团结,管好经济,学习技术,发展生产的结果。 Орыска айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі қадарлы да жоқпыз. 我们和俄箩斯人更无法相比。我们甚至赶不上他们的佣人和苦工。 Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз кайда? 我们有什么可以骄傲和自满的?又凭份么f去讥笑别人呢? |
|
上一页
下一页